Анкарада Зимбабвенің елшілігі ашылды

Министр Чавушоғлу "Зимбабве елшілігінің Анкарада ашылуымен бірге қарым-қатынастарымыз тіпті де күшейгенін көрудеміз" деді.

1662697
Анкарада Зимбабвенің  елшілігі ашылды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Африка елдерімен қарым-қатынастарды тіпті де күшейткісі келгенін айтты. 

Кеше Анкарада Зимбабвенің Түркиядағы елшілігінің ашылу рәсімі өткізілді. 

Рәсімге Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Зимбабве Сыртқы істер министрі  Фредерик Мусива Макамуре Шава, Гвенея Бисау Сыртқы істер министрі Сузи Карла Барбоза мен Зимбабвеның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Алфред Мутивазука қатысты. 

Министр Чавушоғлу "Зимбабве елшілігінің Анкарада ашылуымен бірге қарым-қатынастарымыз тіпті де күшейгенін көрудеміз" деді. 

Сыртқы істер министрі министр Мевлүт Чавушоғлу: "Африканың біздің жүрегімізде ерекше орны бар. Түркия мен Африка қарым-қатынастары тепе-теңдік, өзара мүдде негізінде тіпті күшейеді. Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның лидерлігінде Африканың дамуы үшін барлық мүмкіндіктерімізді жұмсадық" деді. 

Зимбабве Сыртқы істер министрі  Фредерик Мусива Макамуре Шава де "Зимбабве мен Түркия Республикасының достық қарым-қатынастары өте мықты" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар