Түркияда вирустан бір күнде 51 өлім-жітім тіркелді

Ковид-19 індетімен күрес аясында Түркия көлемінде бірінші және екінші доза вакцинаны ектіргендер саны 42 миллион 677 мың 214 кісіге жетті.

1662258
Түркияда вирустан бір күнде 51 өлім-жітім тіркелді

Түркияда коронавирустан бір күнде 51 өлім-жітім тіркелді.

Эпидемия басталғаннан күннен бері барлығы 49 мың 236 кісі қайтыс болды.

Бір тәулікте 221 мың 52 сынама жүргізіліп,  429 жаңа науқас анықталды.  Бір күнде 5 мың 294 адамға вирус жұқты.

Емі аяқталған 5 мың 93 адамды қосқанда,  сауығып кеткендердің саны 5 миллион 237 мың  731 кісіге жетті.

Сонымен бірге Ковид-19 індетімен күрес аясында Түркия көлемінде бірінші және екінші доза вакцинаны ектіргендер саны Түркия уақытымен сағат 19:57-де 42 миллион 677 мың 214 кісіге жетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар