Түркияда вирустан бір тәулікте 63 өлім тіркелді

Түркия көлемінде бірінші және екінші доза вакцинаны ектіргендер саны 41 миллион 481 мың 84 кісіге жетті.

1661604
Түркияда вирустан бір тәулікте 63 өлім тіркелді

Түркияда коронавирустан бір күнде 63 өлім-жітім тіркелді.

Эпидемия басталғаннан күннен бері барлығы 49 мың 185 кісі қайтыс болды.

Бір тәулікте 213 мың 497 сынама жүргізіліп,  409 жаңа науқас анықталды.  Бір күнде 5 мың 91 адамға вирус жұқты.

Емі аяқталған 4 мың 219 адамды қосқанда,  сауығып кеткендердің саны 5 миллион 232 мың  638 кісіге жетті.

Сонымен бірге Ковид-19 індетімен күрес аясында Түркия көлемінде бірінші және екінші доза вакцинаны ектіргендер саны Түркия уақытымен сағат 19:38-де 41 миллион 481 мың 84 кісіге жетті. 



Ұқсас жаңалықтар