Президент Ердоған жастармен онлайн бас қосты

Ердоған «Әкелер күніне» орай Әділет және даму партиясының ел көлеміндегі Жастар филиалы өкілдерімен бас қосты.

1661550
Президент Ердоған жастармен онлайн бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы басталғаннан бері Түркияның денсаулық сақтау қызметтерінен бастап қоғамдық қауіпсіздікке дейін көптеген елді артта қалдырғанын мәлімдеді.

Президент Ердоған «Әкелер күніне» орай Әділет және даму партиясының Жастар филиалы ұйымдастырған «Жастардың әкелермен кездесу» атты онлайн іс-шарада 81 қаладан 700 жаспен бас қосты.

Түркияның ковид-19 эпидемиясына қарсы вакцинация бағдарламасын жылдамдықпен жүзеге асырғанын білдірген Режеп Тайып Ердоған «Вакцина қамтамасыз етудің ең қиын кезеңінде дәл кезінде басылған қадамдармен жылдам бір вакцинациялау күн тізбесін іске асырудамыз. Кейбір кешігулер болды, дегенмен біз бұл кешігулерді де шешеміз. Дәл қазір жағдайымыз жақсы. Бұл апатты жақын арада жеңеміз деп үміттенемін» деді.

Отандық вакцинация жұмыстарының жалғасқанын, бұл тақырыпта да нысананың қыркүйек-қазан айларында өндірісті бастау екенін білдірген Ердоған вакцинация жасын 30-ға дейін шегергендерін және мұның маңызды бір қадам екенін атап өтті.

Президент Ердоған вакцинация санының 40 миллионға жақындағанына да назар аударып, мұның жақсы бір нәтиже екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар