Министр Чавушоғлу жастармен бас қосты

Чавушоғлу Анталия дипломатия форумында жастардың сұрақтарына жауап қайтарды.

1661450
Министр Чавушоғлу жастармен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу армян террор ұйымына қырсығып дипломат болғанын айтты.

Чавушоғлу Анталия дипломатия форумы (ADF) аясында жастармен бас қосып, сұрақтарына жауап қайтарды.

Балалық шағында 3 күндік жайлау көштерінен жүгіріп жұмыс істеуге үйренгенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Мен орта мектепте жақсы футболшы едім. Орта мектепте оқып жүрген кезімде армян террор ұйымы түрік дипломаттарға шабуыл жасап, шейіт ететін. Мен оларға қырсығып халықаралық қатынастарда білім алып, дипломат болдым» деді.

Спорт, азаматтық қоғам және өнер саласында белсенділердің кейде дипломаттарға қарағанда тиімдірек екеніне назар аударған Чавушоғлу «Мен парламентте жүргенде спорттың көптеген ықпалын байқадым.. /.../ Бір ұлттың, бір елдің абыройы біз дипломаттар үшін өте маңызды, бірақ басқа салалардағы жетістіктердің де мәні жоғары. Сондықтан біз спорттық дипломатияға да қатты мән береміз» деді.

Чавушоғлу Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен Анкарада өткізген баспасөз мәслихаты туралы бір сұраққа «Сол пресс-конференцияға дейін маған келіп «мен даулы ештеңе айтқым келмейді, сізден де соны күтемін» деген соң босқын қайықтарын түрік су айдынына итермелеген грек жағалау күзет топтары туралы баспасөзге айтудан бас тарқан едім. Дегенмен өкінішке орай баспасөз жиналысында ол өте агрессивті болды. Афиныға бардық, сол жердегі баспасөз жиналысында жағымсыз сөз қозғамай, өте жасампаз ұстаным көрсетті. Мен әрине екі бөлек дайындық жасап барған болатынмын. Елге оралған соң  күн сайын сөйлесе бастады, бірақ біз еш сөз қозғаған жоқпыз. Не айтқымыз келсе, бетпе-бет жеткіздік. Сол жерде айта алмаған нәрселері бар екен демек, күн сайын Түркия туралы бір мәлімдеме жасап бастады. Бұл қорғаныс емес, шабуыл да емес» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар