Акар мен Остин телефонда сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен телефон арқылы сөйлесті.

1661354
Акар мен Остин телефонда сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Акар мен Остиннің кеше телефонда әңгімелескені білдірілді.

Мәлімдемеде болымды және сындарлы өткен әңгіме барысында НАТО саммитінен кейінгі аймақтық және екіжақты қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасылғаны айтылды.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) баспасөз кеңсесінің жазбаша мәлімдемесінде Ллойд пен Акардың екі ел арасындағы ынтымақтастық және Ауғанстандағы дипломатиялық болмысын жалғастыруы туралы сөз қозғағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Ллойдтың ұзақ уақыттан бері жалғасып жатқан АҚШ-Түркия қорғаныс қарым-қатынастарының маңыздылығын қуаттап, екі ел арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша жалғасқан байланыс пен ынтымақтастық үшін Акарға алғысын білдіргені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар