Түркияда вирустан бүгін де 51 кісі қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа 30 жастан жоғарғы адамдардың ертеңнен бастап Ковид-19 вакцинасын ектіретінін хабарлады.

1661282
Түркияда вирустан бүгін де 51 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавирустан бір күнде 51 өлім-жітім тіркелді.

Эпидемия басталғаннан күннен бері барлығы 49 мың 122 кісі қайтыс болды.

Бір тәулікте 215 мың 496 сынама жүргізіліп,  497 жаңа науқас анықталды.  Бір күнде 5 мың 480 адамға вирус жұқты.

Емі аяқталған 4 мың 195 адамды қосқанда,  сауығып кеткендердің саны 5 миллион 228 мың  419 кісіге жетті.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Твиттер желісінен вакцина егу жас мөлшерінің 30-ға төмендегенін, 30 жастан жоғарғы адамдардың ертеңнен бастап Ковид-19 вакцинасын ектіретінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар