Түркияда бүгін вирустан 59 кісі қайтыс болды

Түркия көлемінде екі доза вакцина ектіргендер саны 40 миллион 215 мың 132 кісіге жетті.

1660896
Түркияда бүгін вирустан 59 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавирустан бір күнде 59 өлім-жітім тіркелді.

Эпидемия басталғаннан күннен бері барлығы 49 мың 71 кісі қайтыс болды.

Бір тәулікте 224 мың 128 сынама жүргізіліп,  497 жаңа науқас анықталды.  Бір күнде 5 мың 575 адамға вирус жұқты.

Емі аяқталған 4 мың 427 адамды қосқанда,  сауығып кеткендердің саны 5 миллион 224 мың  224 кісіге жетті.

Сонымен бірге Ковид-19 індетімен күрес аясында Түркия көлемінде бірінші және екінші доза вакцинаны ектіргендер саны Түркия уақытымен сағат 19:40-та 40 миллион 215 мың 132 кісі болды.



Ұқсас жаңалықтар