Президент Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Ердоған "Отандық вакцинаны Құдай қаласа, барлық адам баласымен бөлісемін" деді.

1660805
Президент Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған халықаралық ұйымдардың жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің күйретуші ықпалын басқаруда сынақтан жақсы өте алмағанын білдірді. 

Ердоған "Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі тарихының ең үлкен медициналық дағдарысын 100 күннен кейін күн тәртіпке әкелді. Індет мерзімінде істелген қателіктердің қайталанбауы үшін ұшқары ұлтшылдыққа орай берілмеуі өте маңызды" деді. 

Ердоған Анталия Дипломатия форумында жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті процесінде Түркияның 158 елге және 12 халықаралық ұйымға медициналық жабдықтар мен бұйымдар жібергенін айтты. Президент Ердоған "Осы жыл ішінде бітіруді жоспарлаған отандық вакцина жұмыстарымызды адам және жаһандық көлемде жалғастырудамыз. Отандық вакцинамызды Алла бұыртса, барлық адам баласымен бөлісемін" деді. 

Ердоған "Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі қамтылған жиһандық жүйеге негізделген басты құрылымдар шешімнің емес, мәселенің бір бөлшегі. Осы жүйемен 21-ші ғасырдағы сапарымызды жалғастыра алмаймыз" деген сөздер қолданды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның 252 шетелдік өкілдікпен әлемнің ең ірі 5-ші дипломатиялық желісіне ие ел екенін де атап өтті. 

Террормен күрес тақырыбында Сирияда әрекет жасаған PKK, YPG, ДАИШ сынды террор ұйымдарына қатты соққы жасаған бірінші елдің Түркия екенін түсіндірген Ердоған "ДАИШ-тің 4 мың 500 мүшесін біз залалсыздандырдық. Осы таңға дейін 430 мың сириялықтың еліне қайтуына мүмкіндік жасадық" деді. 

Президент Ердоған "Жерорта теңізінің шығысындағы энергетика байлықтарын ынтымақтастықпен пайдалану біздің қолымызда" деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар