Ердоған Кения және Черногория президенттерімен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Анталияға келген әлем лидерлерімен жеке-жеке кездесу өткізді.

1660870
Ердоған Кения және Черногория президенттерімен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Оңтүстік-Шығыс Еуропа Ынтымақтастығы процесі жиналысына және Анталия Дипломатия форумына қатысу үшін Анталияға келген лидерлермен кездесу өткізді.  

Президент Режеп Тайып Ердоған Кения президенті Ухуру Кениатамен бас қосты.

Анталия Дипломатия форумы ұйымдастырылған NEST Конгресс орталығында өткен кездесу 25 минут жалғасты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Черногория президенті Мило Джукановичпен де кездесу өткізді.

Президент Ердоған Солтүстік Македония Республикасының Президенті Стево Пендаровскимен кездесті. 

Екі президенттің баспасөзге жабық өткен кездесуі мөлшермен 40 минут жалғасты. 

Президент Ердоған Босния және Герцоговина президенттік кеңесі мүшелерімен де бас қосты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған сонымен қатар Сербия премьер-министрі Ана Брнабич және Хорватия премьер-министрі Андрей Пленковичті жеке-жеке қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар