Емине Ердоған Анталияда лидер жұбайларымен бас қосты

Емине Ердоған Жерорта теңізінің ұлы өркениеттерге үй иесі болған теңдесіз география екеніне меңзеді.

1660794
Емине Ердоған Анталияда лидер жұбайларымен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Анталия Дипломатия форумына қатысқан лидерлердің жұбайларымен бас қосты.

Бағдарламада баяндама жасаған Емине Ердоған жаңа типті коронавирус індетімен күрес жалғасып жатқан кезде бетпе-бет кездесудің маңызды екенін айтты.

Емине Ердоған Жерорта теңізінің ұлы өркениеттерге үй иесі болған теңдесіз география екеніне меңзеді.

Түркияның талпынысы Жерорта теңізін бейбітшілік теңізіне айналдыру, аймақта тұрақтылық орнату екенін тілге тиек еткен Емине Ердоған:

"Күллі әлемде күдік артып, нәсілшілдік асқынып отырғанда біз сүйіспеншілік орнатуды армандаймыз. Әлем тыныштық ортасына мұқтаж. Бұл дипломатиялық әрекетті жандарумен ғана іске асады" деді.

Емине Ердоған лидерлердің жұбайларына дәстүрлі түрік кофесін ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар