Чавушоғлу Боррельмен кездеседі

Мевлүт Чавушоғлуның Анталияда ұйымдастырылған Оңтүстік Шығыс Еуропа Ынтымақтастық процесі саммиті үшін Түркияға сапарлай келген Боррельмен 18 маусымда кездесу өткізетіні білдірілді.

1660209
Чавушоғлу Боррельмен кездеседі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррельмен екі жақтылы кездесу өткізеді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде министр Мевлүт Чавушоғлуның 17-20 маусым арасында Анталияда ұйымдастырылған Оңтүстік Шығыс Еуропа Ынтымақтастық процесі саммиті мен Анталия Дипломатия форумына қатысу үшін Түркияға сапарлай келген Боррельмен 18 маусымда кездесу өткізетіні білдірілді.

Мәлімдемеде кездесуде 24-25 маусымда өтетін Еуропа Одағы саммиті алдында қарым-қатынастарды көлемді бақылау және Еуропа Одағымен ынтымақтастықтың Түркияның қатысу процесі негізінде дамытылуы үшін басылатын қадамдар мен жаһандық және аймақтық оқиғалардың қолға алынатыны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар