Ердоған Әзербайжанның астанасы Бакуге барды

Президент Ердоған ресми іссапармен Таулы Қарабахтың Шуша қаласына барады.

1658052
Ердоған Әзербайжанның астанасы Бакуге барды

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанның астанасы Бакуге барды.

Президент Ердоған ресми іссапармен 28 жылдан кейін Әзербайжан армиясы тарапынан Армения жаулауынан азат етілген Таулы Қарабахтың Шуша қаласына барды. Ердоғанды бұл жерде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев салтанатты түрде қарсы алды. 

Астана Бакуден Шуша қаласына аттанған президент Ердоған Физули қаласындағы үзіліс түйінінде өзін күткен Әлиевпен құшақтасып адамдасты. Біраз әңгімелескен екі лидер одан кейін Шушаға қарай беталды. 

Әлиев жол бойынша аймақта жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары туралы президент Ердоғанға мағлұмат берді. 

Президент Ердоған мен Әлиев оңаша кездескеннен кейін келісімдерге қол қояды, ортақ баспасөз мәслихат өткізеді.

 



Ұқсас жаңалықтар