Ердоған басшыларға «Түркияның терроризмге қарсы күресі» атты кітабын сыйға тартты

Кеше Брюссельде НАТО Басшылар саммитіне қатысқан президент Ердоған басшыларға кітабын сыйға тартты.

1658258
Ердоған басшыларға «Түркияның терроризмге қарсы күресі» атты кітабын сыйға тартты

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше НАТО Саммитінде бас қосқан басшыларға Түркияның YPG/PKK, FETÖ және ДАИШ террор ұйымдарымен табандылықпен жүргізілген күресті түсіндіріп «Түркияның терроризмге қарсы күресі» тақырыпты кітабын сыйға тартты.

Ердоған «Түркияның терроризмге қарсы күресі» атты кітабы саммит аясында бас қосқан АҚШ президенті Джо Байденге қоса Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және Германия канцлері Ангела Меркельге берді.

Президенттік Коммуникация басқармасы тарапынан ағылшын тілде дайындаған «Түркияның терроризмге қарсы күресі» кітабы YPG/PKK, FETO және ДАИШ болып үш тараудан тұрады.

Кітапта Түркияның одақтастарынан «Егемендік құқығы мен қауіпсіздік сезімталдығын құрметтеу, YPG/PKK, ДАИШ пен FETO-ға қоса барлық террор ұйымдарына қарсы күресте нақты түрде қолдау күтілгені» баса айтылады.



Ұқсас жаңалықтар