Эмине Ердоған Брюссельде Маариф қорының жиналысына қатысты

Эмине Ердоған кеше Брюссельдегі байланыстарының артынан Твиттер аккаунтынан хабарлама жасады.

1658174
Эмине Ердоған Брюссельде Маариф қорының жиналысына қатысты

Президент Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған кеше Бельгияның бас қаласы Брюссельде Маариф қорының консультациялық жиналысына қатысты.

Эмине Ердоған жеке Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «НАТО Көшбасшылары саммиті шеңберінде Брюссельдегі Маариф қоры тарапынан ұйымдастырылған консультациялық кездесуде азаматтық қоғам өкілдері және студент қыздармен кездесуде олардың жұмыстарымен танысып, пікір алмастық. Әрбірінің жұмыстарына сәттілік тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар