Эгей теңізінде 8 келімсек құтқарылды

Грекия жағалау күзет топтары түрік су айдынына итеріп жіберген қайықтағы 8 босқын құтқарылды.

1658154
Эгей теңізінде 8 келімсек құтқарылды

Балыкесирде  Грекия жағалау күзет топтары түрік су айдынына итеріп жіберген қайықтағы 8 босқын құтқарылды.

Айвалық ауданы су айдынында қайыққа мінген босқындар бар екені туралы хабарлама түскен соң Түрік жағалау күзеті топтары аймаққа жетті.

Грекияның жағалау күзеті тарапынан Түркияның теңіз айдынына итермелегені анықталған сегіз иммигрант құтқарылып, құрлыққа шығарылды.

Босқындарға киім-кешек, тамақ, сусын және медициналық көмек жасалған соң, Қалалық көші-қон басқармасына жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар