ТРТ Бас директоры Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының панеліне қатысты

ТРТ Бас директоры Ибрахим Эрен қоғамдық хабар таратушыларға үн қатты.

1657827
ТРТ Бас директоры Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының панеліне  қатысты

Түркия телерадио корпорациясы (ТРТ) Бас директоры Ибрахим Эрен қоғамдық хабар таратушылардың ақпарат бөлісу, оқыту және ойын-сауық болып 3 негізгі жауапкершілігі бар екенін атап көрсетті.

Ибрахим Эрен үшіншісі ұйымдастырылған және әлемнің ең маңызды хабар тарату мекемелерінің басын қосқан Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (АТМХТО) Италия ұлттық арнасы (ИҰА) күндерінің ашылу панеліне қатысты.

ТРТ жасаған мәлімдемеге қарағанда «Пандемиядан кейін жаңа бір әлем: Қоғамдық хабар таратушылар одан ашық, қамдаушы және мейірімді қоғамдар құруға қызмет ете ала ма?» тақырыбымен ұйымдастырылған панель Азия-Тынық мұхит аймағы мен Еуропадан сарапшылардың қатысуымен RAI-дің Милан студиясынан гибридті форматта өтті.

Ашылу салтанаты АТМХТО-ның төрағалық міндетін атқаратын Ибрахим Эрен мен Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) президенті және FTV (France Televities) бас директоры Дельфин Эрнотте Кунси қатысқан панельде жасалған отырыста қоғамдық хабар таратушылардың эпидемиядан кейінгі одан ашық, қамдаушы және мейірімді қоғамдар құрудағы рөліне назар аударылды.

Панельде сөйлеген Эрен ТРТ-нің қоғамдық хабар таратушы ретінде эпидемия кезеңінде аптасына 7 күн 24 сағат міндетін орындағанын мәлімдеді.

Эрен эпидемия кезінде барлық қоғамдық хабар таратушылардан күтілетін үш маңызды тұс бар екеніне назар аударып «Қоғамдық хабар таратушылардың ақпарат бөлісу, оқыту және ойын-сауық болып 3 негізгі жауапкершілігі бар. ТРТ ретінде пандемия басталғалы әрі «TRT EBA» телеарналарымызбен, әрі сериалдарымыз және ақпарат көздерімізбен бұл рөлімізді сәттілікпен орындаудамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар