Ердоған ертең Әзербайжанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең екі күндік іссапармен Әзербайжанға барады.

1657670
Ердоған ертең Әзербайжанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан сапарында Армения жаулауынан азат етілген, 28 жылдан кейін азан даусының естілген, тарихи және мәдени байлақтары мол, табиғаты сұлу Шуша қаласында болады. 

Президент Ердоған Шуша уәлаятында 15 маусым сейсенбі күні  Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі. 

Екі ел президенті кездесулерден кейін Шуша және Таулы Қарабахтың қайтадан салынуы, құрылыс жобалары, саяси және экономика саласындағы келісімдерге қол қояды. 

Президент Ердоған 16 маусым сәрсенбі күні Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафаровапен кездесіп, Ұлттық Мәжілісте баяндама жасайды. 

Ердоған мен Әлиев  Бакудағы «Олимпийский» стадионында ойналатын Түркия-Италия матчын бірге тамашалайды.  

 



Ұқсас жаңалықтар