Президент Ердоған Брюссельге аттанды

Президент Ататүрік әуежайындағы мемлекеттік қонақ үйінде баспасөз мәслихаты өткізді.

1657030
Президент Ердоған Брюссельге аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған «АҚШ-тан НАТО-ның бірлік және ынтымақтастығын нығайтатын тәсілді көргіміз келеді» деді.

Ердоған ертең өтетін НАТО басшылар саммитіне қатысу үшін Бельгияның бас қаласы Брюссельге аттанардың алдында Стамбулдағы Ататүрік әуежайындағы мемлекеттік қонақ үйінде баспасөз мәслихаты өткізді.

Президент Ердоған НАТО саммиті аясында АҚШ президенті Джо Байденмен өткізетін кездесу тақырыбында «Байденмен міндетке келгеннен кейінгі алғашқы бетпе-бет кездесуіміз болады және біз ең алдымен Түркия-АҚШ қарым-қатынастарын талқылауымыз керек. Байденмен біздің әңгімеміз өте ауқымды. Іштен және сырттан көптеген өсек сыбыстар болып жатты, біз оларды артта қалдырып, не істей алатынымызды талқылауымыз керек.

АҚШ-пен қорғаныс өнеркәсібіне қатысты көптеген мәселелер бар. Олардың ең маңыздысы - F-35 өндірісі. F-35 тақырыбында Түркия уәделерін орындаса да, келісімшартқа бағынбайтын бір Америка бар. Бұл біз үшін өкіннішті. Бұл тақырыпты күн тәртіпке әкелеміз. АҚШ-пен әлі көптеген қорғаныс өнеркәсіптік саладан бастап жалғастырыла алмаған бір тақырып бар. Тілегіміз мәселелер мен 24 сәуір күнгі шешімді ұмыттыратын қадамдарды басу» деді.

Ердоған «Барлық мәселе АҚШ-тан НАТО-ның бірлік және ынтымақтастығын нығайтатын тәсілді көру» деді.

Ердоған «Одақтың алдындағы 10 жылдық жол картасын белгілейтін НАТО 2030 кезеңіне қатысты шешімдер қабылданатын маңызды бір саммитке қатыспақпыз. Мақсатымыз одақтастарымызбен бірге НАТО-ның маңыздылығын тағы бір рет көрсету» деді.

НАТО-ның түрленген қауіптерге қарсы өзін реттеген кезде жаңа шарттарға да үйренгенін атап көрсеткен Ердоған «Бұл процесте қауіпсіздіктің тұтастығы, ынтымақтастық және бірліктен бастап одақтың негізін құрайтын шешім қабылдау механизмі мен ережелерінен бастартпау керектігіне сенімдіміз. Саммитте Құдай қаласа осы тақырыптарға тоқталамыз» деді.

Ердоған НАТО-ның бас хатшысы Столтенбергпен жақсы қарым-қатынаста екендерін де атап, «НАТО-ның бас хатшысы Столтенбергтің көзқарасы әрдайым оң» деді.

Ердоған «Түркия ретінде ДАИШ-тен бастап PKK мен YPG-ге, ФЕТО-дан DHKP/C-ге дейін көптеген террористік ұйыммен бір уақытта күресудеміз. Біз бұл күресті тек қана өз шекарамызда ғана емес, сонымен қатар Сириядан Иракқа дейінгі кең аумақта жалғастырып келеміз. Кеше Африндегі Шифа ауруханасына жасалған террористік шабуыл PKK/YPG-нің қаншалықты опасыз және қатыгез екенін көрсетті. Шабуылда 14 бейбіт тұрғын, оның ішінде сәбилер, дәрігерлер мен науқастар шейіт болды, 32 бауырымыз да жараланды. Шабуылда қаза тапқан бауырларымызға тағы да Құдайдың мейірімі мен жаралылардың тезірек сауығып кетуіне тілейміз. Біз олардың еліміздегі жазықсыздарды, Сириядағы бейбіт тұрғындарды және Ирактағы күрд бауырларымызды қырған осы опасыздарға төгілген әрбір қан тамшысы үшін есеп сұраймыз» деді.

Түркия ретінде тек терроризммен ғана күресіп жатпағандарына назар аударған Президент Ердоған Түркияның шығыс пен батыс бағытында жүйесіз миграциялық қысымға да ұшырағанын түсіндірді.

Түркия шекараларының НАТО шекараларының шекаралары болып қабылданғанын білдірген Ердоған «Біз өз шекараларымызды қорғаған кезде НАТО-ның шекараларын да қорғаймыз. Әртүрлі майдандарда жүргізген күресімізде заңды түрде одақтастық рухымен қозғалуды күтеміз. Сондай-ақ саммит кезінде одақтастарымыздан әсіресе терроризмнен бастап елімізге төнген әртүрлі қауіп-қатерге қарсы ынтымақтастық күтетінімізді білдіреміз. НАТО-ның алдында тұрған қиындықтарға қарсы сенімді одақтас ретінде маңызды міндеттер мойындаймыз. 2030-ға жақындаған бір кезеңде Түркияның одақ құрамындағы рөлі одан да маңызды екенін сездіреді» деді.

Президент Ердоған мәлімдемелерінің жалғасында «Қазіргі уақытта өз міндеттерін толығымен орындайтын НАТО елдерінің бірі - алғашқы бестіктің қатарында тұрған Түркия» деді. Ердоған АҚШ-тың Ауғанстаннан кері шегіну дайындығымен байланысты да «Бұл жерден шыққаннан бастап процесті жалғастыратын жалғыз сенімді елдің Түркия екені белгілі» деді.

НАТО саммитінен кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруы бойынша 15-16 маусым күндері Әзербайжанға ресми сапармен баратынын түсіндірген Ердоған «Түркия-Әзербайжан бауырластығы - біздің өңіріміздің тыныштығы, өркендеуі мен тұрақтылығының кепілі» деді.

Президент Ердоған баспасөз мәслихатынан кейін Брюссельге аттанды.



Ұқсас жаңалықтар