Ердоған бүгін Брюссельге барады

Президент Ердоған НАТО саммитіне қатысу үшін Бельгияның бас қаласы Брюссельге барады.

1656906
Ердоған бүгін Брюссельге барады

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең өтетін НАТО саммитіне қатысу үшін Бельгияның бас қаласы Брюссельге барады.

НАТО-ға мүше елдердің басшыларымен оңаша кездесу жоспарлаған Президент Ердоған АҚШ президенті Джо Байден, Литва президенті Гитанас Науседа, Латвия президенті Эгилс Левитс, Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Грекия премьер-министрі Кирякос Митцотакиспен бас қосады.

Ердоғанның Франция президенті Эммануэль Макрон және Голландия премьер-министрі Марк Рюттемен де кездесуі жоспарлануда.

Келіссөздер барысында НАТО-дағы одаққа қоса екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелердің күн тәртібіне келуі күтілуде.

Ердоған-Байден кездесуі екі басшының Байденнің АҚШ президенті болып сайланғаннан кейінгі алғашқы кездесуі болады.

Президент Ердоған бастаған түрік делегациясының НАТО саммитіндегі басым күн тәртібі - Түркияның аймағындағы оқиғаларға қатысты егемендік құқығы мен қауіпсіздік сезімталдығы. Саммитте Түркияның осы мәселелерге деген табандылығы баса айтылады.

Түркияның Одақ шеңберінде өз міндетін орындайтын мүше бір ел екендігіне назар аударылып, терроризммен күрес және гуманитарлық дағдарыстарға қарсы тиімді ынтымақтастық ұсыныстары да қайталанады.



Ұқсас жаңалықтар