Палестина Түркияға алғыс айтты

Әл-Усейли Түркияның Палестинаны саудада жеңілдік жасалатын елдер қатарына енгізуіне қатты риза болғандарын айтты.

1656461
Палестина Түркияға алғыс айтты

Палестина экономика министрі Халид Әл-Усейли Түркияның Палестинаны саудада жеңілдік жасалатын елдер қатарына енгізуіне қатты риза болғандарын айтты. 

Палестина экономика министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Усейли жеңілдік шешіміне орай Түркияға алғыс айтып "Бұл шешім екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытудағы стратегиялық бір қадам" дегені білдірілді. 

Министр Усейли "Палестина әкімшілігінің Израиль жаулауынан экономикалық жақтан бірте-бірте құтылуы, Палестинаның өнімдерді түрлендіруі, импортты арттыруы және экспортты ынталандыруы тұрғысынан өте маңызды" деді. 



Ұқсас жаңалықтар