Операцияда 3 террорист залалсыздандырылды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.

1656530
Операцияда 3 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде ұйымдастырылған "Пенче-Шимшек" операция аймағындағы үңгірде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террорист залалсыздандырылды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Түрік Қарулы Күштерінің Ирактың солтүстігіндегі операцияларының табандылықпен жалғасқаны білдірілді. 

Мәлімдемеде операция аясында әскерлер тарапынан анықталған көптеген баспана мен үңгірлерде бөлшектеуші террористік ұйымы PKK-ға қарасты көптеген қару-жарақ, әскери жабдықтар мен тұрмыстық бұйымдар қолға түсірілгені баяндалды.

 



Ұқсас жаңалықтар