"НАТО-ны егемендік құқығымыз бен қауіпсіздік сезімталдығымызды құрметтеуге шақырамыз"

Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) кезекті отырысында үн қатты.

1654769
"НАТО-ны егемендік құқығымыз бен қауіпсіздік сезімталдығымызды құрметтеуге шақырамыз"

НАТО-ға мүше елдерді Түркияның егемендік құқығы мен қауіпсіздік сезімталдығын құрметтеуге шақырған Президент Режеп Тайып Ердоған «Террормен күрес және гуманитарлық дағдарыстармен тиімді күресу тақырыбында ынтымақтастық ұсыныстарымызды қайталаймыз» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) кезекті отырысында үн қатты.

Ердоған баяндамасында жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы кезінде Түркияның саясаттан бастап экономика мен денсаулыққа дейінгі барлық проблемалардан жеңіп шыққанын атап, 84 миллион азаматының құқығы мен болашағын сақтап қалғанын түсіндірді.

Террормен күресте қол жеткізілген жетістіктерге баса назар аударған Ердоған «Террористік ұйымдар мен қылмыстық топтарға қарсы күресімізді, шекарамызға төнетін қауіп-қатерді, егемендігімізді нысанаға алатын шабуылдарды өзгенің көмегімен емес, ұлтымызбен бірге сәтті аяқтадық» деді.

«Бар күшімізбен әлем 5-тен үлкен (қарарларға вето қою құқығына ие БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшелері - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресей) деп айттық. Өзіміз, достарымыз және барлық езілгендер үшін әділдік пен бостандықты қорғауды жалғастырамыз. Шын мәнінде, Түркия ретінде әр платформада бірдей тәсілді көрсетудеміз» деген Ердоған «Дүйсенбі күні (Бельгия астанасы Брюссельде) қатысатын НАТО саммитінде күн тәртібіміздегі мәселелерді қарсыластарымызбен қолға аламыз. Ұстанымдарымыздан ешқашан бас тартуға болмайды» деді.

НАТО-ның ең маңызды мүшесі ретінде Түркияның одақ аясында барлық міндеттерін лайықты түрде орындағанын баса айтқан Ердоған «Одаққа мүше елдерді егемендік құқығымыз бен қауіпсіздік сезімталдығымызды құрметтеуге шақырамыз. Террормен күрес және гуманитарлық дағдарыстармен тиімді күресу тақырыбында ынтымақтастық ұсыныстарымызды қайталаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар