Битлистегі операцияда 1 әскер шейіт болды

Битлисте PKK мүшесі террористтерге бағытталған операцияда 1 әскер мен 1 қауіпсіздік қызметкері шейіт болды.

1650007
Битлистегі операцияда 1 әскер шейіт болды

Битлисте бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі террористтерге бағытталған операцияда 1 әскер мен 1 қауіпсіздік қызметкері шейіт болды, 4 әскер жарақат алды. 

Битлис уәлаятынан жасалған жазбаша мәлімдемеде "Қақтығыс аймағынан қашқан бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерін залалсыздандыру үшін операция ұйымдастырылды" делінді. 

Мәлімдемеде қауіпсіздік күштерінің аймақ халқының қолдауымен азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатымен провинция көлемінде операциялардың табанды түрде жалғасқаны да білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар