АҚШ және Түркияның Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары кездесті

Шерман Анкарада болған кездесу туралы жазды.

1647459
АҚШ және Түркияның Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары кездесті

Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрінің орынбасары Уэнди Шерман түркиялық әріптесімен кездесуіне әлеуметтік желіде баға берді.  Ол ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өналмен Анкарада болған кездесуі туралы жазды.

«Анкарада Сыртқы істер министрінің орынбасары Өналмен Ауғанстан, Сирия және аймақтық мәселелер жөнінде кездесу өткіздік. Түркияның төрт миллионнан артық босқынға көрсеткен көмегі мақтауға тұрарлық» деді ол.

Сыртқы істер министрлігі де хабарлама жариялап,  Өнал мен Шерманның басшылығында кеше Анкарада саяси ақылдасу болғанын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар