Түркия Сирия сайлауын танымайды

Мәлімдемеде: "Түркия осы бағыттағы талпыныстарын Сирия халқымен бірге ұйымшылдықпен жалғастырады" деп көрсетілді.

1646305
Түркия Сирия сайлауын танымайды

Түркия Сирия режимі тарапынан кеше ұйымдастырылған сайлаудың заңсыз екенін білдірді.

Сыртқы істер министрлінен жасалған мәлімдемеде:

"Сирия режимі тарапынан кеше ұйымдастырылған сайлау халықтың еркін жігерін көрсетпегені себепті заңсыз ерекшелікте" деп жазылды.

Мәлімдемеде еркін және әділ емес шарттарда ұйымдастырылған сайлаудың Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу жайлы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254-ші шешіміне үйлеспейтіні және режимнің саяси процеске байланысты орынсыз әрекеті көрсеткені білдірілді. 

Мәлімдемеде режимнің нәтижесі белгілі сайлау арқылы жалған заңдылық талпынысына рұқсат берілмеуі және БҰҰ бақылауында сириялықтардың бастауымен жүргізілетін саяси процестің жалғасуы маңызды екені атап көрсетілді. 

Мәлімдемеде:

"Түркия осы бағыттағы талпыныстарын Сирия халқымен бірге ұйымшылдықпен жалғастырады" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар