АҚШ-тан ең жоғары деңгейдегі сапар

Шерман Түркияға келеді.

1644787
АҚШ-тан ең жоғары деңгейдегі сапар

Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрінің орынбасары Уэнди Шерман Түркияға келеді.

Осы сапар Джо Байден билікке келгелі бері Америка Құрама Штаттарынан Анкараға ең жоғары деңгейдегі сапар болып есептеледі.

Саяси ақылдасу жиналысы үшін бейсенбі күні келетін Шерман Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өналмен бас қосады. Кездесуде екі ел қатынастары және аймақтық тақырыптар қолға алынады.

Шерман үкіметтік емес ұйымдардың лауазым иелерімен де кездеседі.

Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы саяси ақылдасудың соңғы жиналысы 2018 жылдың наурыз айында Вашингтонда өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар