Түркия Газадағы Катар Қызыл жарты ай қоғамын бомбалаған Израильді айыптады

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы, елші Танжу Билгич мәлімдеме жасады.

1641276
Түркия Газадағы Катар Қызыл жарты ай қоғамын бомбалаған Израильді айыптады

Түркия Катар Қызыл жарты ай қоғамының Газадағы штаб-пәтері мен Шейх Хамад ибн-Халифа Әл-Сани ауруханасын бомбалаған Израильдің шабуылдарын қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы, елші Танжу Билгич бұл мәселеге қатысты қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында халықаралық гуманитарлық құқықты айқын түрде  бұзатын осы опасыз шабуылдардың салдарынан қаза тапқандарға Алланың рақымы мен жаралылардың тез сауығып кетуін тілей отырып, дос және бауырлас Катар мемлекеті мен халқына да көңіл айтты.

Халықаралық қоғамды Израильдің жаппай және шектен асқан күш қолдануын дереу тоқтатуы және халықаралық заңдарға бағынуға мәжбүрлеу үшін күш-жігерін күшейтуге шақырған Билгич «Катар Қызыл жарты ай қоғамының Газадағы штаб-пәтерінің 2021 жылы 17 мамыр күні Израиль тарапынан бомбалануы мен Шейх Хамад ибн-Халифа Әл-Сани ауруханасына залал келтірген шабуылдарын қатаң түрде айыптаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар