"Палестина мәселесін қорғаудан еш бас тартпаймыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдеме жасады.

1641647
"Палестина мәселесін қорғаудан еш бас тартпаймыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Палестина мәселесін қорғаудан еш бас тартпайтындарын мәлімдеді.

Мевлүт Чавушоғлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Жалпы Кеңес жиналысында жасаған мәлімдемеде «Халықаралық қоғамның наразылығы өкінішке орай тағы әлсіз қалды. Газада Израиль мен Палестина әскерлері арасында бір соғыс болып жатқандай екі жаққа да шақырулар жасалды. Кейбіреулер Израильдің қауіпсіздігін әр нәрседен жоғары қояды. Газадағы жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарға көздерін жұмады» деді.

«Палестина тақырыбында Түркияда ортақ бір ынтымақтастық климаты бар. Мұны қорғау тақырыбында сезімтал болуымыз керек» деген Чавушоғлу «Палестинада және одан тысқары жерлерде езілгендердің үміті президентіміз Режеп Тайып Ердоған және түрік ұлты» деді.

Чавушоғлу «Президентіміздің басшылығы және ұлы Мәжілісіміздің бізге берген күшпен Палестинаны қорғау тақырыбында сезімтал болуымыз керек. Түркия Палестинаға қатысты дипломатиялық талпыныстарға басшылық жасайды, әлемде ұждан мен әділеттің үні болуды жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар