Түркиядан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне наразылық

Феридун Синирлиоғлу Израильдің Палестинаға шабуылдарына үнсіз қалған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне наразылық көрсетті.

1640474
Түркиядан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне наразылық

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдары алдында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үнсіз қалуының қабылданбайтынын айтты.

Түркия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Израиль мен Палестина арасындағы артып отырған шиеленіс пен Израильдің Газа секторына бағытталған әуе шабуылдары талқыланатын сессияға жазбаша баяндама ұсынды.

Синирлиоғлу баяндамасында Израильдің Палестинаға бағытталған әуе шабуылдарын айыптады. Араларында балалар мен нәрестелер бар жазықсыз адам шығындары үшін Палестинаға көңіл айтты.

Соңғы оқиғаларға Беньямин Нетаньяху басшылығындағы Израиль үкіметін жауапты деп санаған Синирлиоғлу Израильдің қасиетті Ораза айында палестиналықтарды Иерусалимнің шығысы мен Батыс Шериядағы үйлерінен күштеп шығаруға тырысқанын және тағы Ақса мешітінде ғибадат еткен палестиналықтарға шабуыл жасағанын еске салды.

БҰҰ палестиналық босқындарға жәрдем ұйымына қарасты Газадағы мектептердің нысанаға алынуын айыптаған Синирлиоғлу мектептерге бағытталған шабуылдың соғыс қылмысы екенін айтты.

Израильдің Газа секторында елді-мекендерінен шығарылған палестиналықтарға гуманитарлық жәрдемдердің жеткізілуіне рұқсат берілу шақыруы жасаған Синирлиоғлу «Бұл кеңес енді Палестина халқы алдындағы жауапкершіліктерінен қашып құтыла алмайды» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп болса Твиттерден жасаған мәлімдемеде «БҰҰ-ның Израиль мен Палестинаға бағытталған қақтығыстарды тоқтату және екі мемлекетті шешім үшін келіссөз үстеліне оралу шақыруы болымды десе де, жеткілікті бір қадам емес. БҰҰ Израильдің бейбіт адам қырғындарына, мемлекеттік террорына және жасаған адамзаттық қылмысын жедел түрде күн тәртібіне алуға міндетті» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар