Мәлімдемеші Челиктен БҰҰ шақыруына наразылық

Мәлімдемеші БҰҰ-ның Израиль мен Палестинаға жасаған «қақтығыстарды тоқтату» шақыруын сынға алды.

1640853
Мәлімдемеші Челиктен БҰҰ шақыруына наразылық

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик БҰҰ-ның Израиль мен Палестинаға жасаған «қақтығыстарды тоқтату» шақыруын сынға алды.

Челик әлеуметтік аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Израильде Нетаньяху үкіметінің балаларды өлтіргенін атап «БҰҰ Израиль мен Палестинаға шақыру жасап, ‘Мағынасыз қантөгісті, террор мен қиратуға тез арада тоқтату керек’ дейді. БҰҰ алдымен мұндай мағынасыз шақыруларын тоқтатсын. Балаларды өлтірушілер мен балалары өлтірілгендерге бірдей шақыру жасауда. Бұл саяси екіжүзділік. Мұндай мәлімдеме Израильді одан көп ынталандырудан басқа ештеңе емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар