Ердоған Байденді айыптады

Президент Ердоған: "Аустрия елі кезінде қырғындаған еврейлердің құнын мұсылмандарға төлетуде" деді.

1641008
Ердоған Байденді айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Джо Байденнің Израильге қару саудасын мақұлдауына орай:

"Сіз қанды қолыңызбен тарих жазудасыз" деді.

Ердоған Кабинет жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Сіз қанды қолыңызбен тарих жазудасыз. Бүгін қайта ескертейін, 84 миллион бірге Иерусалимдегі күзетімізді жалғастырудамыз, жалғастырамыз да. Палестина территориясы қанға боялуда, сіз бұған қолдау беріп отырсыз" деп көрсетті.

"АҚШ-тың және оның жолындағылардың 2017 жылдың соңында Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялауы осы қандықол елдің қан төгу аранын ашуда" деген Ердоған:

"Израиль 5-6 жасар баланы өлтіретіндей, әйелдерді жерде сүйрейтіндей, қарттарды өлтіретіндей дәрежедегі қылмыскер. Мұның ешқандай теңдесі жоқ" деді.

Байден Израильге 735 миллион долларлық қару сатуды мақұлдағанын жариялады.

Президент Ердоған Премьер-министрлік ғимаратына Израиль байрағын ілген Аустрия елін айыптағанын айтып:

"Аустрия елі кезінде қырғындаған еврейлердің құнын мұсылмандарға төлетуде" деді.
Президент Ердоған:

"Иерусалимнің 3 діннен құралған бір комиссия тарапынан басқарылуы бүгінгі шарттарда ең тура және ақылға үйлесімді жол болады" деген  ұсыныс жасады. 



Ұқсас жаңалықтар