Чавушоғлу Палестинаға қолдауды қайталады

Ислам Ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесі Израильдің Палестинаға шабуылдарын талқылау мақсатымен видео конференция өткізді.

1640248
Чавушоғлу Палестинаға қолдауды қайталады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Палестинада бірлік пен шешімімізді көрсететін уақыт келді. Үмбет бізден лидерлік жасауды күтуде. Түркия қажетті қадамды басуға дайын тұр" деді.

Ислам Ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесі Израильдің Палестинаға бағыттаған шабуылдарын талқылау мақсатымен видео конференция жолымен кезектен тыс бас қосты. 

Жиналысқа қатысқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу: 

"Палестиналықтар үшін халықаралық бір қорғау механизмін орнату керек" деді.

Израильдің Палестинадағы Газа Секторына ұйымдастырған шабуылдарында шейіт болғандар  52 баланы қамтыған 181 кісіге көбейді.



Ұқсас жаңалықтар