Алтун Израильді қатаң айыптады

Фахреттин Алтун Газадағы министрлік ғимараттарының бомбалануы соғыс қылмысы екенін айтты.

1640257
Алтун Израильді қатаң айыптады

Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израильдің Газадағы министрлік ғимараттарын бомбалауына қатаң наразылық көрсетті.

Алтун әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде Израильдің террорлық шабуылдың күшін арттырғанына назар аударып:

"Палестиналықтарға бағытталған қырғындар мен жаулап алу саясаты жалғасып жатқанда Палестинаның инфрақұрылымын да нысанаға алған адамгершілікке жат дағдарыс асқынып барады" деді.

Фахреттин Алтун Газадағы министрлік ғимараттарының бомбалануы соғыс қылмысы екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар