105 террорист залалсыздандырылды

Министр Акар операциялардың жоспарланғандай жүріп жатқанын айтты.

1638729
105 террорист залалсыздандырылды

23 сәуір күні басталған «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларында бүгінге дейін 105 террорист залалсыздандырылды. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Түрік Қарулы күштер қолбасшылары түні бойы Шырнактағы операция штабтарынан әскери қозғалыстарды басқарды.

Министр Акар операциялардың жоспарланғандай жүріп жатқанын айтты.  Ол 23 сәуірден бері 105 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Акар 1 қаңтар күнінен бері залалсыздандырылған террорист санының 1056 болғанын хабарлады.

Операциялардың Ирак секілді барлық көршілердің терроритория тұтастығына,  шекаралардың қауіпсіздігіне және егемендіктерге құрмет көрсететін түрде жүзеге асырылғанын білдірген генерал Акар операциялардың соңғы террорист жойылғанша жалғасатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар