Ердоған Путинмен сөйлесті

Телефон әңгімесінде Израиль мен Палестина мәселесі қолға алынды.

1638422
Ердоған Путинмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесті.

Бұл туралы Коммункация басқармасы хабардар етті.  Телефон әңгімесінде Палестинадағы оқиғалар мен Sputnik V вакцинасының Түркияға жеткізілуі тақырыптары қолға алынды.

Президент Ердоған Израильдің палестиналықтарға шабуылы алдында Түркияның наразылығын қатаң түрде білдіргенін айтты. Ол халықаралық қоғамның да Израильге сабақ беруі керектігін білдірді.

Ердоған Ресей Сыртқы істер министрлігінің Палестина тақырыбында БҰҰ параметрлерін және екі мемлекетті шешімді меңзеген мәлімдемесінің маңызды екенін атап көрсетті. Ол дағдарыс асқынбай тұрғанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәселеге араласуының маңызды екенін және Израильге шабуылдарын тоқтату үшін қысым жасауы керектігін айтты.

 

Ердоған палестиналық бейбіт халықты қорғау үшін аймаққа халықаралық күш жолдануы пікірі шеңберінде де ойлану керектігін айтып, Түркия мен Ресейдің БҰҰ-нда осы тақырыптарда ынтымақтастық көрсететініне сенетінін білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин де түрік халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, денсаулық пен тыныштық тіледі.



Ұқсас жаңалықтар