"Зұлымдықты әлемге TRT мен Анадолы агенттігі паш етті"

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Нуман Куртулмуш мәлімдеме жасады.

1637832
"Зұлымдықты әлемге TRT мен Анадолы агенттігі паш етті"

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Нуман Куртулмуш Түркия Телерадио корпорациясы (TRT) мен Анадолы Агенттігінің (AA) Израильдің әл-Ақса мешітіне шабуылдарында палестиналықтардың әділ күресін әлемге жариялауда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

Куртулмуш «Сол жердегі оқиғаларды әлемге паш ету тұрғысынан Анадолы агенттігінің аса маңызды бір талпынысы бар. Соңғы шабуылдарда оқиғалардың қақ ортасынан бүкіл әлемге ең сенімді хабар таратқан арналарының бірі болды. TRT де бірдей жұмыс істеді. Қызметкерлеріміздің қиын шарттарда істеген жұмыстарына сәттілік тілеймін. Алла олардан разы болсын» деді.

Әл-Ақса мешітіндегі көтерілісте көптеген палестиналықтың Түркия және президент Режеп Тайып Ердоғанды жақтайтын ұрандар тастауын бағалаған Куртулмуш «Шын мәнінде бұл дамып келе жатқан Түркияға деген жанашырлық. Сонымен бірге ислам әлемінің көптеген жерінде езілген халықтар өткенді аңсайды. Ата-бабаларынан естіген Османлының бейбітшілік жүйесін, «құнарлы жарты ай» деп аталатын бұл жағрапияда ғасырлар бойы қамтамасыз еткен әділет, бейбітшілік пен сенімділікті еске түсіреді» деді.



Ұқсас жаңалықтар