Идлибте 1 әскер шейіт болды

Сирияда әскери керуенге жасалған зымыран шабуылында 4 әскер жарақат алды.

1637690
Идлибте 1 әскер шейіт болды

Сирияда «Көктем қалқаны» операциялық аймағына жасалған зымыран шабуылында 1 әскер шейіт болды, 4 әскер жарақат алды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеге қарағанда, «Көктем қалқаны» операциялық аймағында кеше әскери керуенге зымыран шабуылы жасалды. Шабуылда бір әскер шейіт болып, 4 әскер жарақат алды. Жаралы әскерлер дереу ауруханаға жеткізілді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Идлибтегі «Көктем қалқаны» операциялық аймағында шейіт болған әскер үшін көңіл айтты.

Шентоп Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Опасыз шабуылда шейіт болған батыр жауынгерімізге Алладан рақым, жаралы әскерлерімізге жедел шипа тілеймін. Ұлтымызға көңіл айтамын» деді.

Вице-президент Фуат Октай болса әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемеде «Шейіт болған әскерімізге Алланың рақымын, жаралы әскерлеріміздің тезарада сауығып кетуін тілеймін. Әзіз ұлтымызға көңіл айтамын» деп жазды.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун жеке Твиттер аккаунтынан жарияланған көңіл айту хабарламасында «Шейіт болған батыр әскерімізге Алланың рақымын, жаралы әскерлерімізге шипа тілеймін. Әзіз ұлтымызға көңіл айтамын. Террор ұйымының тегін жойғанша күресіміз жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар