Түркия Ауғанстандағы террор шабуылын қатаң түрде айыптады

Түркия ауызашар жасаған бейбіт халықты нысанаға алған опасыз террор шабуылын айыптады.

1636746
Түркия Ауғанстандағы террор шабуылын қатаң түрде айыптады

Түркия Ауғанстанның Кабул қаласында бір мектеп алдында бомба тиелген көлікпен жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде бас қала Кабулдың Дашт-и Барчи аймағындағы бір мектеп алдында ауызашар жасаған бейбіт адамдарды нысанаға алып, бомба тиелген бір көлікпен жасалған террор шабуылында алғашқы мағлұматтар бойынша араларында оқушылар да бар кем дегенде 30 бейбіт адамның қаза тауып, 50-ден астам адамның жарақат алғанын қайғы-қасіретпен қарсы алынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Қасиетті Қадір түні жасалған бұл опасыз террор шабуылын қатаң түрде айыптай отырып, қылмыскерлерді қарғаймыз. Олардың әділет алдында есеп беретіндеріне сенеміз» делінді.

Опасыз шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымы мен жаралылардың сауығып кетуіне тілек білдірілген мәлімдемеде дос және бауырлас ауған халқы мен үкіметіне Түркияның шын жүректен көңіл айтқаны жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар