Түркия Израильдің шабуылына наразылық көрсетті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Израиль полициясының Месджид-и Аксадағы жамағатқа жасаған шабуылына наразылық көрсетті.

1636365
Түркия Израильдің шабуылына наразылық көрсетті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Израиль полициясының Месджид-и Аксадағы жамағатқа жасаған шабуылына наразылық көрсетті. 

Шентоп бұл туралы твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Шентоп мәлімдемесінде "Бұл түнде Месджид-и Аксада намаз оқып жатқан жамағатқа шабуыл жасалды. Бұл шабуыл мемлекеттік террор болып табылады. Опасыздық шабуылды қатал түрде айыптаймыз" деген сөздер қолданды. 

Президент орынбасары Фуат Октай да бір жеке теледидар каналында жасаған мәлімдемесінде"Израиль мемлекетінің  Ислам әлемінің алаауыздығынан пайдаланып, террорлық шабуыл жасағанын көрдік" деді. 

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу да Израиль полициясының жамағатқа жасаған шабуылына қатал наразылық көрсетті. 

Мәвлүт Чавушоғлу жасаған мәлімдемесінде "Месджид-и Аксаға түнде жасалған шабуылды айыптаймыз. Әрқашан Палестина халқының қасында боламыз" деген сөздер қолданды. 

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мен Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик те мәлімдеме жасап, Израильдің шабуылын қатал түрде айыптады. 
 



Ұқсас жаңалықтар