Ердоған Израильдің зұлымдығын тосуға шақырды

Ердоған: "Иерусалимде Ақса мешітіне және мұсылмандарға бағытталған опасыз шабуылдардың дереу тоқтауын сұраймыз" деді.

1636649
Ердоған Израильдің зұлымдығын тосуға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ислам елдері бастаған күллі әлемді Израильдің Ақса мешітіне және палестиналықтардың үйлеріне жасаған шабуылдарына қарсы әрекетке шақырамын" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған балалары бөлшектеуші террористік ұйым ПКК тарапынан алып қашырылған Диярбакыр аналарымен бірге ауызашар асқа қатысты.

Ердоған ауызашар астағы сөзінде:

"Иерусалимде Ақса мешітіне және мұсылмандарға бағытталған опасыз шабуылдардың дереу тоқтауын сұраймыз" деді.

"Иерусалимде Ақса мешітін және мұсылмандарды қорғай алмаған бір әлем өзіне опасыздық жасағанмен, өзін-өзі жоятын бір бомбаның жібін үзгенмен бірдей" деген Ердоған:

"Ислам елдері бастаған күллі әлемді Израильдің Ақса мешітіне және палестиналықтардың үйлеріне жасаған шабуылдарына қарсы әрекетке шақырамын" деп көрсетті.

Ердоған:

"Израиль елінің шабуылдарына үнсіз қалған немесе нақтылы тұғыр танытпаған барша оларға жанамалай қолдау берген саналады, ол жердегі зұлымдыққа ортақ болады" деп ескерту жасады.

"Қатыгез Израиль, террористтік ел Израиль қасиеттерін қорғау, мыңдаған жылдық отбасылары мен отанына ие болудан басқа ешқандай арманы жоқ Иерусалимдегі мұсылмандарға жауыздық және опасыздықпен шабуыл жасауда" деген Ердоған:

"Түркия әр қашан болғанындай, бүгін де Иерусалимдегі бауырластарымыздың, Палестина территориясындағы барлық мұсылмандардың қасында болады" деді.

Израиль полициясының Ақсак мешіті, Дамаск қақпасы және Шәйх Жеррах даңғылында палестиналықтарға бағыттаған шабуылдарында 200-ден астам кісі жараланған болатын.

Аймақта Изриаль полциясының шабуылдары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар