Фуат Октай Еуроодақ басшыларын қабылдады

Ильва Юханссон Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен де кездесті.

1636243
Фуат Октай Еуроодақ басшыларын қабылдады
Ylva Johansson-Mevlut Cavusoglu.jpg
Ylva Johansson-Fuat Oktay.jpg

Президенттің орынбасары Фуат Октай Еуропа Одағы комиссиясының Ішкі істерге жауапты комиссері Ильва Юханссонды қабылдады. 

Президенттік сарайда өткен қабылдауға Фуат Октай және Ильва Юханссонмен бірге Еуропа Одағы Түркия делегациясының төрағасы елші Николаус Мейер-Ландрут пен Еуропа Одағы Ішкі істер министрлігі Бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнер де қатысты.

Президенттік сарайдың хабарына қарағанда кездесуде 2016 жылы 25 наурызда Түркия-Еуроодақ арасында қол қойылған келісімдер қолға алынғаны, осы аяда Кеден Одағының қайтадан талқылануы, виза еркіндігімен қамдау, террормен күрес және босқындар сияқты тақырыптар күн тәртіпке келді.

Фуат Октай кездесуде Түркияның Сирия дағдарысына және босқындарға байланысты әлемге өнеге болатын бейне көрсеткеніне, босқындар дағдарысында барлық жауапкерлікті орындағанына тоқталды.

Ильва Юханссон Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен де кездесті. 

Мевлүт Чавушоғлу кездесу жайлы мәлімдемесінде Түркияның Еуроодақпен болымды күн тәртіптің жалғасуына мән бергенін айтты. 

Чавушоғлу:

"Көші-қон, виза еркіндігі және тероризммен күрес салаларында нақтылы қадамдар күтеміз" деді.   



Ұқсас жаңалықтар