Түркияда вакцина ектіргендер саны 10 миллионнан асты

Вакцинацияда қазір Sinovac және BioNTech вакциналары қолданылуда.

1635261
Түркияда вакцина ектіргендер саны 10 миллионнан асты

Түркияда коронавируспен күрес шеңберінде екі доза вакцина салдырғандардың саны 10 миллионнан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, Түркияда 14 миллион 352 мың 956 адамға коронавирус вакцинасының бірінші дозасы салынды. 10 миллион 680 адамның екінші дозасы да салынды. Осылайша салынған екпе саны 24 миллион 353 мың 636-ға жетті.

 Вакцинацияда қазір Sinovac және BioNTech вакциналары қолданылуда. Sputnik V вакцинасының алғашқы партиясы осы ай ішінде Түркияға жеткізіледі.

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның үшінші саты клиникалық зерттеулері де бірнеше апта ішінде басталады.



Ұқсас жаңалықтар