Мосул бас консулдығы қайта ашылды

Бұл туралы Фахреттин Алтун білдірді.

1635380
Мосул бас консулдығы қайта ашылды

Түркияның Ирактағы Мосул бас консулдығы қайтадан жұмысын бастайды.

Бұл туралы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун хабарлады. «Мосул бас консулдығы қызмет беруге дайындалып,  қайтадан жұмысын бастайды.  Аймағымыздың тыныштық пен берекесі үшін күні-түні жұмыс істеген Түркия Мосулда бауырластық үшін қайта ісін бастайды. Елімізге және аймағымызға қайырлы болсын» деді ол.

Түркияның Мосулдағы бас консулы Мехмет Күчүксакаллы да «Мосулдамыз.  Құтты болсын» деп хабарлады.

Мосул бас консулдығы 2014 жылы ДАИШ террорлық ұйымының лаңкестіктерінен кейін жабылған еді.



Ұқсас жаңалықтар