Түрік делегациясы Каирде

Түркия мен Мысыр арасындағы қарым-қатынас қалыпқа түсуде.

1634372
Түрік делегациясы Каирде

Түркия мен Мысыр арасында саяси ымыра аясында Сыртқы істер министрі орынбасары Седат Өналдың басшылығында түрік делегациясы 5-6 мамыр күндері аралығында Каирде болады. 

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Түркия мен Мысыр арасындағы саяси ымыра жиналысының Сыртқы істер министрі орынбасары Седат Өнал және Мысыр сыртқы істер министрі орынбасары Хамди Санад Лозаның басшылығында 5-6 мамыр күндері аралығында Каирде өткізілетіні білдірілді. 

Мәлімдемеде аталмыш саяси ымыра жиналысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа түсіруіне байланысты жасалатын жұмыстардың қолға алынатыны баяндалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар