Ердоған Сауд Арабиясы королімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясының королі Салман ибн-Абдулазизбен телефонда сөйлесті.

1634150
Ердоған Сауд Арабиясы королімен сөйлесті

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефондағы әңгіме барысында Түркия мен Сауд Арабиясы қарым-қатынастары қолға алынды.

Ердоған келе жатқан Қадір түні және жақындаған Ораза айтына орай Сауд Арабиясының королі Салман ибн-Абдулазизді құттықтады. 

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Сауд Арабиясының королі Салман ибн-Абдулазиз 2020 жылы 21 қарашада телефон арқылы сөйлесіп, екі ел қарым-қатынастарын талқылаған еді. 

Ердоған мен король Салман екі ел қарым-қатынастарының дамытылуы және мәселелердің диалог арқылы шешілуі тақырыбында келіскен еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар