Түркияда вирустан 336 адам қайтыс болды

Бір тәулікте 28 мың 997 кісіге вирус жұққаны анықталды.

1633945
Түркияда вирустан 336 адам қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 336 адам қайтыс болды. 

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 41 мың 527 кісіге көбейді.

Бір күнде 241 мың 747 сынама жүргізіліп, 2 мың 483 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 28 мың 997 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 38 мың 218 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 4 миллион 554 мың 37 кісіге жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар