"Сәуір айында 115 террорист залалсыздандырылды"

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Чатаклы мәлімдеме жасады.

1633627
"Сәуір айында 115 террорист залалсыздандырылды"

Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы сәуір айында 115 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Чатаклы айлық баспасөз жиналысында ішкі қауіпсіздік операциялары аясында 2021 жылы сәуір айында ауылдық жерлерде 9-ы ірі, 34-і орташа ауқымда, барлығы 9 мың 341 операция мен террор ұйымдарының қалаларда жұмыс істейтін құрылымдары және олардың қамқоршыларына бағыттап 1 мың 418 операция жасалғанын атап көрсетті.

Исмаил Чатаклы «Сәуір айында 8-і басшылық кадрынан барлығы 115 террорист  залалсыздандырылды. Олардың 16-сы жансыз, 2-сі жаралы, 72-сі тірілей қолға түсті. 25 террорист болса қауіпсіздік күштеріне берілді. Залалсыздандырылған террористердің 66-сы PKK/KCK, 49-ы ДАИШ террор ұйымы мүшесі. Сондай-ақ террор ұйымдарына қамқорлық жасап, ұйыммен байланысы бар екені болжалған 2 мың 527 күдікті тергеуге алынды және олардың 448-і тұтқындалды» деді.



Ұқсас жаңалықтар