Министр Акар Ливияда түрік әскерлерімен бас қосты

Министрі Хулуси Акар және Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер Ливияға барды.

1633668
Министр Акар Ливияда түрік әскерлерімен бас қосты

Акар мен Гүлер Ливияда түрік әскери қызметкерлерімен бас қосты.

Ливия Бас штаб басқармасы төрағасы Мұхаммед Әл-Хаддадқа қоса Батыс аймақтық қолбасшысы генерал Усаме Джувейли мен Триполи аймақтық қолбасшысы генерал Абдүлбаки Мерван да қатысқан бағдарламада Акар түрік әскери қызметкерлеріне үн қатты.

Ливияның ливиялықтардың жері екенін және тек Ливияны жақтағандарын атап көрсеткен Акар «Ливияның егемендігі мен тәуелсіздігі маңызды. Біз бұл жерге келген кезде кейбір қиындықтар бар болатын. Бұл қиындықтарды жою үшін күндіз-түні құрлықта, теңізде және ауада бар күшімізбен жұмыс істедік. Бастамаларымыз белгілі бір сатыға жетті. Бұл тұғырда маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Біз жарқын күндердің емес, ауыр күндердің досымыз. Осында қарулы күштерді қайта құру, жабдықтарын жаңарту және ұйымдасуы үшін Түркия ливиялық бауырларымен иық тіресіп, қызметін жалғастыруда» деді.

Ливияда премьер-министр Абдүлхамид Дибейбенің басшылығында құрылған Бірлік үкіметінің маңызды екенін және бұл үкіметке қолдау көрсету керектігін атап айтқан Акар желтоқсан айында өтетін сайлауға дейін Ливияда бейбітшілікті жалғастыруға тырысатындарын мәлімдеді.

Түркияның Ливиядағы болмысының Жерорта теңізінің шығысындағы құқық пен мүдделердің қорғалуы тұрғысынан аса маңызды екенін атап көрсеткен Акар «Ливиямен теңіз жауапкершілік келісімі аясында Жерорта теңізінің шығысындағы қызметімізді атқарудамыз. Грекияның бұл келісімді бұзу әрекеттері босқа шықты. Мәселелердің халықаралық құқық, жақсы көршілік, келіссөз және бейбіт әдістер арқылы шешілуін қолдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар