Операцияларда тағы 7 террорист залалсыздандырылды

«Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларында 7 террорист залалсыздардырылды.

1632599
Операцияларда тағы 7 террорист залалсыздандырылды
akar eskişehir.jpeg

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігіндегі террористік ұйымға қарсы ұйымдастырылған «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларында 7 террористтің залалсыздандырылғанын жариялады. 

Хулуси Акар  «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларын басқарған Ескишехир провинциясындағы Соғыс әуе қолбасшылығында тексеру жүргізді. 

Министр Акар «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларында бір үңгірде болғаны анықталған тағы 7 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. 

«Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларында залалсыздандырылған террорист саны осылайша  51-ге ұласты. 

 



Ұқсас жаңалықтар